Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы. 2018 жылғы 10 қаңтар
Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері


Іс-шаралар


«Ғылыми техникалық прогресс» атты дөңгелек үстел


       2018 жылдың 16 ақпанында «Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер» кафедрасы, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында «Ғылыми техникалық прогресс» атты дөңгелек үстел өткізді. Бұл дөңгелек үстелдің басты мақсаты – Елбасымыздың жолдауында қойылған міндеттерді дұрыс түсіндіру және сол міндеттерді жүзеге асыруға кафедра қызметкерлерін белсене жұмылдыру болып табылады. Жаңа технологиялық қалып біздің қалай жұмыс істейтінімізді, азаматтық құқықтарды қалай іске асыратынымызды, балаларымызды қалай тәрбиелейтінімізді түбегейлі өзгертуде.

      Индустрияландыру - жаңа технологиялық қалыптың барлық мүмкіндіктерін пайдалана отырып, мейілінше инновациялық сипатқа ие болуға тиіс. Цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуді Елбасымыз баса айтып өткен болатын. Сондықтан міндеттелген тапсырмалардың қатарында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасын әзірлеу негізге алынды. Осы жолда мектептердің және жоғарғы оқу орындарының атқаратын жұмыстары орасан зор. Елбасымыз өз сөзінде «Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллект және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек» деп атап өтті.

       «Бұл жаһандық болмыс болғандықтан, оны қабылдауға тиіс екенімізді түсіндік. Бүгінде болып жатқан өзгерістер – тарихи сын- қатер мен ұлтқа берілген мүмкіндік екенін негізге алып, жұмыла жұмыс істеуді қолға алдық» - деп қатысушылар атап өтті. Дөңгелек үстелдің соңында қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап берді. 


«Жаңа еуразиялық инфрақұрылымды дамыту – бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бөлігі» тақырыбындағы кафедра күні.

 

        23 ақпан күні сағ.15-00-де М. Тынышбаев атындағы ҚазККА конференц-залында (2414 ауд.) «Көліктегі
логистика» кафедра күні «Жаңа еуразиялық инфрақұрылымды дамыту – бәсекеге қабілеттіліктің маңызды бөлігі» тақырыбында өтті.

        Кафедра күні дөңгелек үстел түрінде өтті. Іс-шараға: Калиаскаров Р.Т. - «KTZ Express» Қырғызстан
Республикасындағы өкілі, сарапшы – т.ғ.к., доцент Аширбаев Г.К., «Логистика және басқару» факультетінің деканы, т.ғ.к., доцент Кенжебаева Г.Ж., сонымен қатар «Көліктегі логистика» кафедрасының ПОҚ және «Логистика (сала бойынша)» мамандығының студенттері қатысты.

     Кафедра күнінің тақырыбы ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына арналған «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» жолдауымен тығыз байланысты болды. Зияткерлік көлік жүйесін енгізу көлік ағынын тиімді басқаруға, сонымен қатар көлік инфрақұрылымының әрі қарай дамуына қатысты қажеттіліктерді анықтауға мүмкіндік береді.

       Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасы – барлық саладағы оның ішінде логистика жұмысының бәсекеге қабілеттілігін тиімді қамтамасыз ету үшін қажетті қадам болып табылады. Мұндай қадам, барлық жобалар бойынша нақты мерзім және мақсаттық көрсеткіштер анықталғанда, жұмыстың нақты бөлігіне жауапты адам бекітілгенде, жобаны толықтай және оның бөліктерін жүзеге асыру бойынша мақсаттық сұлба құрастырылғанда нәтижеге жетуге кепілдік бола алады.

      Спикерлер көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және бәсекеге қабілеттілігін арттыру, сонымен бірге Қазақстан Республикасы транзиттік әлеуетін дамыту аясындағы жүзеге асырылған жобаларды талқылады. Баяндамалар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізілді. Іс – шара қатысушыларына «Business on the move» логистикалық ойыны таныстырылды, бұл ойын «Көлік логистикасы» және «Жүктерді жеткізу тізбегін басқару» пәндеріне енгізу жоспарлануда.

         Сонымен бірге «CILTInternational» Халықаралық білім бағдарламасы студенттердің аса қызығушылығын
тудырды.


Елбасы жолдауын талқылау


     9 ақпан 2018 жылы М. Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясының мәжіліс залында, Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың  «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»  атты Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында академия қызметкерлері мен оқытушыларымен қорытынды кездесу өтті.  

       Кездесуге шақырылған қонақтар қатарында: Алмалы аудандық Ішкі саясат бөлімінің басшысы – С. Сарыбаев, «Нұр Отан» партиясы Алмалы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары – Н. Ордабаева болды. Сонымен қатар, кездесуге академия құрылымдық бөлімшелерінің қызметкерлері мен оқытушы-профессорлық құрамы, студенттік үкіметтің өкілдері де қатысты.

          Кездесудің басты мақсаты – Елбасымыздың жолдауында қойылған міндеттерді дұрыс түсіндіру және сол
міндеттерді жүзеге асыруға академия қызметкерлерін белсене жұмылдыру болып табылады.

      Кездесуде негізгі баяндаманы, ҚазККА профессоры Нұридин Балқияұлы - «Жолдау – жаңалық емес, өмір талабы», ф.ғ.к., доцент Куванбакиева Алиям Ниязқызы - «Изменения в образовании в свете адаптации к изменениям и усвоению новых методов и знаний» және ҚазККА аға оқытушысы Нұрахметова Күлзира Құмарғалиқызы - «Елбасының жолдауы – жаңа міндеттер мен мақсаттарға жетелейді» тақырыптарында жасады. 

           Кездесу барысында, жолдаудың академия қызметіне қатысы бар төртінші бөлімі - Көлік-логистика
инфрақұрылымының тиімділігін арттыру бағыты мен латын әліпбиі  бойынша ой-пікірлер айтылып, «Адами капиталдың» маңыздылығы жайлы қонақтар мен баяндамашылардың көзқарастары талқыланды.

           Кездесуге қатысушылар, Адами капиталдың басты негізі – бұл білім. Білімді мамандардың көбеюі мен
олардың сапасының артуы - осы бағыттың негізгі қозғаушы күші болып табылады. Осы жолда мектептердің және жоғарғы оқу орындарының атқаратын жұмыстары орасан зор. Елбасымыз айтқандай, «Жоғары білім беру ісінде жасанды интеллект және «үлкен деректермен» жұмыс істеу үшін ақпараттық технологиялар бойынша білім алған түлектер санын көбейту керек» деп атап өтті.

          Кездесу соңында қонақтар мен қатысушылар қойылған сұрақтарға жауап беріп, жолдаудың маңыздылығын тағы бір атап өтті.


Бүгінгі, Студенттік үкіметтің басшысымен өткен жиналыста талқыланған мәселелер:
БІРІНШІ. Индустрияландыру жаңа технологияларды енгізудің көшбасшысына айналуы тиіс.
ЕКІНШІ. Ресурстық әлеуетті одан әрі дамыту.
ҮШІНШІ. «Ақылды технологиялар» – агроөнеркәсіп кешенін қарқынды дамыту мүмкіндігі.
ТӨРТІНШІ. Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру.
БЕСІНШІ. Құрылысқа және коммуналдық секторға заманауи технологияларды енгізу.
АЛТЫНШЫ. Қаржы секторын «қайта жаңғырту».
ЖЕТІНШІ. Адами капитал – жаңғыру негізі.


         2018 жылдың 7 ақпанда «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінде Қазақстан
Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талдау бойынша дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел жұмысына факультет оқытушы – профессорлық құрамы мен кафедра меңгерушілері қатысты.

        Кездесу модераторы – «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің декан орынбасары Ш.Е. Нугуманов.

          Жолдауды талдауға факультеттің профессорлары және оқытушылары белсенді қатыса отырып, «адами
капитал – жаңғырудың негізі» болып табылатынын атап өтті.  Бұл бөлімде жаңа сапалы білім беру, «барлығы үшін тегін кәсіби-техникалық білім беру» жобасын жалғастыру, халықтың денсаулығын түзеу, салауатты өмір салтын студенттерге насихаттау, мамандыққа қажетті қазіргі стандарттар мен жаңа технологиялар мәселесін шешу бағытында ойлар айтылды.


          2018 жылдың 31 қаңтарында «Логистика және басқару» факультетінде Қазақстан Республикасы Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын талдау бойынша кездесу өтті. Кездесуге факультет оқытушы – профессорлық құрамы мен кафедра меңгерушілері қатысты. Кездесу модераторы – факультет деканы Г.Ж. Кенжебаева.

    Жолдауды талдауға факультеттің профессорлары және оқытушылары белсенді қатыса отырып, жаңа экономикалық саяси мемлекеттің императивін құрамдас бөлігі болып табылатын көліктік-логистикалық инфрақұрылымды жетілдіру және елдің транзиттік әлеуетін күшейту сұрақтары қарастырылды.


        31 қаңтар 2018 жылы «Көлік техникасы және құрылыс» факультетінің ұйымдастыруымен, «Төртінші
өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері»
атты Елбасымыздың жолдауын түсіндіру мен насихаттау мақсатында факультет оқытушы-профессорлық құрамының отырысы өтті.

        Отырыстың басты мақсаты – факультеттің оқытушы-профессорлық құрамына жолдауды дұрыс түсіндіре
отырып, ОПҚ арқылы студенттерге кеңінен насихаттау және жеткізу болып табылады.

        Отырыс модераторы, деканның тәрбие ісі бойынша орынбасары Н. Жакуповтың айтуынша, өнеркәсіптік
төңкеріс кезеңіндегі білім беруді жаңа деңгейге көтеру - бұл оқытушылардың алдында тұрған басты міндет. Сонымен қатар, сөз сөйлеген кафедра меңгерушілері мен оқытушылар жолдаудағы басты 10 бағытқа тоқтала отырып, әр бағыттың жоғарғы білім саласына тигізетін әсеріне жеке-жеке сараптама жасады.

        Отырыс үш тілде өткізіліп, кездесу соңында қойылған сұрақтарға модератор толыққанды жауап берді.


       26 қаңтар 2018 жылы «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының ұйымдастыруымен, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Елбасымыздың жолдауын түсіндіру мен насихаттау және «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында, «Сандық Қазақстан» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 

            Дөңгелек үстелдің басты мақсаты - ақпараттық технологиялар саласындағы білім беру сапасын арттыру
болып табылады.

            Дөңгелек үстелге академия оқытушы-профессорлық құрамы және арнайы шақыртылған академия
профессорлары: э.ғ.д. Н. Балқияұлы және ф.ғ.д.  С.Қ. Мырзалы қатысты.

          Дөңгелек үстелдің модераторы, «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасының меңгерушісі, т.ғ.к., доцент Д. Ескендірова еліміздің экономикасына сандық технологияның тигізер әсерінің маңыздылығын атап өтті. 

       Сөз сөйлеушілер, қазіргі әлемдегі сандық технологиялардың ел экономикасына тигізер әсерінің жоғары екендігін айта отырып, сандық технологиялар арқылы қарапайым халық көптеген артықшылықтарға ие болғанын жеткізді. Атап айтсақ, халық пен бизнестің мемлекеттік қызметтерге қолжетімділігін жеңілдету, ақпарат алмасуды жеделдету, жаңа бизнес мүмкіндіктерінің пайда болуы, жаңа цифрлы өнімдерді құру, электронды үкімет және т.б.


         24.01.2018 күні «Экономикалық пәндер» кафедрасы, Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты Қазақстан халқына Жолдауына сәйкес, «Сандық білім ресурстарын дамытудың болашағы» атты дөңгелек үстел өткізді.

      Президент Жолдауының «Көлік-логистика инфрақұрылымының тиімділігін арттыру» атты төртінші бағытына және «Адами капитал – жаңғыру негізі» атты жетінші бағытына талдау жасалынып, білім беру сапасын дамыту мәселелері, сандық білім ресурстарды дамыту бағыттары қарастырылды.


        18-19 қаңтар 2018 жылы ҚазККА кітапханасының ұйымдастырумен Елбасымыздың «Тәуелсіздік дәуірі» кітабы мен «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын түсіндіру және насихаттау мақсатында кітап көрмесі ұйымдастырылды.