Хабарландыру


Хабарландыру!

          ҚазККА-ның барлық жас ғалымдарының назарына! FameLab Қазақстан байқауына өтінімдер қабылдау
жалғасуда.

         FameLab Қазақстан конкурсына ғылыми тақырыптағы үш минуттық бейне түсіре отырып, сізде Ұлыбританияға баруды ұтып және ақшалай сыйлық алу мүмкіндігі пайда болады!

          Барлық мүдделі тұлғалар үшін 2018ж. Қаңтардың 10 (Астана уақытымен) 23:59 дейін онлайн-өтінім беру қажет.

       Барлық сұрақтар бойынша ҒЖООКБББ жетекші маманы А. А. Даумбаевқа хабарласуға болады (каб. 2604), вн.тел: 28-11 немесе ұ.т. +7 707 682 58 88, толық ақпарат https://www.britishcouncil.kz/ru/famelab сайтында


ПРЕСС-РЕЛИЗ
БАҒДАРЛАМА

                2018 жылдың 20-21 желтоқсанында М. Тынышбаев атындағы ҚазККА «Нұрлы жол» және «Сандық
Қазақстан» мемлекеттік бағдарламалары аясында «21 ғасырдың Еуразия көлігі: Көлік және логистикалық қызметтер нарығындағы қазіргі заманғы сандық технологиялар» атты IX Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізіледі.


         Академияның жас ғалымдар кеңесі 1-2 курс студенттері мен КазАТК колледждерінің бітіруші түлектері арасында «Менің таңдауым. Менің мамандығым» тақырыбындағы эссе байқауын өткізеді. Өткізу мерзімі 2018 жылдың 20 қараша мен 30 қараша аралығында. I кезең: 20.11.2018 – 25.11.2018 – жұмыстар мен өтінімдерді қабылдау. II кезең: 26.11.2018 – 30.11.2018 – байқау нәтижелерін шығару. Барлық сұрақтар бойынша 2604 кабинетіне (жетекші маман Даумбаев А.) және 8-777-0000-656 телефоны бойынша хабарласуға болады.


        20.11.2018 жылы, сағат 12.20 ҚазККА конференц-залында (аудитория 2412) «Логист» студенттік ғылыми тобының («Көліктегі логистика» кафедрасы) ұйымдастыруымен «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдерімен кездесу өтеді.

           Бұл кездесуде «Атамекен» ғылыми-өндірістік кәсіпорнының өкілдері Қазақстанда шағын және орта бизнесті қолдауға және дамытуға арналған мемлекеттік бағдарламалардың презентациясын өткізіп, сонымен қатар 3 000 000 теңгеге дейінгі гранттар алуға және қысқа мерзімді біліктілігін арттыру курсы және оқыту туралы әңгімелейді.

           Профессор-оқытушылар құрамы, жас ғалымдар, докторанттар, магистранттар және студенттердің қатарынан барлық тілек білдірушілерді шақырамыз.


Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті «Өнімді инновацияларды ынталандыру» жобасы шеңберінде «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша конкурс жариялайды.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаның мақсаты кадрларды дайындау, біліктілігін арттыру және қайта дайындау, сондай-ақ ортақ зерттеулерді жүргізу, ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізу саласындағы Қазақстан Республикасының өнеркәсіптік және инновациялық әлеуетін дамытуда жетекші әлемдік білім беру, ғылыми және өндірістік ұйымдардың әлеуетін пайдалану болып табылады.

Бұл гранттық бағдарлама бойынша жобаларды жүзеге асыру мерзімі 12 (он екі) айдан аспауы тиіс.

Гранттың максималды мөлшері 17 млн. теңгені құрайды.

Портал арқылы өтінімдерді қабылдау 2018 жыл 07 тамыздан 07 қыркүйек аралығында Астана уақытымен сағат 18.00-де дейін жүргізіледі.

Үміткерлер «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары. А грант түрі» гранттық бағдарламасының нұсқаулығында көрсетілген барлық талаптармен мұқият танысуы және орындауы тиіс. Барлық өтінімдер ағылшын, қазақ және/немесе орыс тілдерінде электрондық нұсқада www.fpip.kz интернет порталы арқылы жіберілуі тиіс. Жобаларды сараптау ағылшын тілінде жүргізілетіндіктен, өтінімдердің ағылшын тіліндегі нұсқасы негізгі құжат болып есептелінеді. Барлық талаптар қатаң сақталуы тиіс. Қатысу талаптарына сәйкес келмейтін өтінімдер қарастырылмайды және қабылданбайды. Өтінімді толтырудан бұрын кіші жобаларға қойылатын экологиялық талаптармен, сондайақ Жоба аясында қаржыландырылмайтын қызмет түрлерімен мұқият танысып шығу қажет.

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламасы бойынша толық ақпаратты research_grants@fpip.kz электрондық поштасы немесе +7 7172 27 71 21 телефоны арқылы конкурстың координаторынан (БектеновДанияр) ала аласыз.

https://www.youtube.com/watch?time_continue=7&v=YnlnaH-ev6Y


      ҚазККА 2018/2019 оқу жылының күзгі семестрінде Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі қаржыландыратын академиялық ұтқырлық бойынша серіктес еуропалық университеттердің бірінде оқу үшін студенттер мен магистранттар арасында конкурс жариялайды.

       Үміткерлерге қойылатын талаптар:

       - ҚазККА барлық мамандықтары бойынша 2, 3 және 4 курс студенттері мен 1-жылғы магистранттар;

       - GPA 3,3-тен төмен емес;

       - Ағылшын тілін орта (Intermediate) деңгейде білу (растайтын құжаты болуы міндетті).

        Ескерту: IELTS 6.0 аттестаты бар үміткерлер  ағылшын тілі бойынша тестілеуге қатыспайды.

        Барлық сұрақтар бойынша zh.beisakhmetova@kazatk.kz электрондық поштасына жазыңыз немесе келесі нөмер бойынша хабарласыңыз: +7 708 371 84 32.


Жарысыңыздар және жеңімпаз болыңыздар! "Қайырымды көршіге рахмет" ұлттық ойындар спартакиадасы


"Алматы Марафон - 2018" спорттық жарысқа қатысыңыздар!


"Екі жұлдыз-2018" ән байқауына 1 күн қалды!


2018 жылдың 18 сәуірінде
М. Тынышбаев атындағы ҚазККА XLII Халықаралық ғылыми-практикалық конференция өткізеді.


«STARTUP - BOLASHAK» атты инновациялық жобалар байқауына қатысуға шақырамыз. Байқауға қатысу шартымен сілтеме бойынша таныса аласыздар


Құрметті әріптестер!
Сіздердің студент, магистрант, докторанттарыңыздың үздік ғылыми жұмыстарын 2018 жылдың наурыз айының 25-іне дейін II Республикалық байқауға қатысуға шақырамыз.


Тулпар-Тальго поездарынан жеңілдік карталары


"Контрафакт" Республикалық акциясына қатысуға шақырамыз. Шарттарымен сілтеме арқылы таныса аласыздар ...


26 қаңтар 2018 жылы сағат 14:00-де 2412 аудиториясында «Сандық Қазақстан - іске асыру кезеңдері» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Ұйымдастырушы: «Есептеу техникасы және ақпараттық жүйелер» кафедрасы


Кешенді тестілеуге қатысу үшін 2017 жылғы 10-20 желтоқсан күндері М. Тынышбаев атындағы ҚазККА-ның қабылдау комиссиясына (2105 кабинеті) ӨТІНІШ ПЕН ҚҰЖАТТАРДЫ ТАПСЫРУ ҚАЖЕТ


29 қараша 2017 жылы сағ. 15.00-де ҚазККА Салтанат залында, Тұңғыш президент – Ұлт көшбасшысы күніне арналған ресми іс-шара өткізіледі.


17 қараша 2017 жылы сағ. 15.30-да ҚазККА мәжіліс залында (2412), профессор Н. Балқияұлының «Жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың оқу-тәрбие жұмыстарын жүргізу шеберлігін арттыру жолдары» тақырыбында мастер-класс өтеді.