Логистика орталығы

М.Тынышбаев атындағы ҚазККА логистика саласында оқыту, қайта даярлау және біліктілігін жетілдіру курстарына қош келдіңіздер!


      Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын жүзеге асыру аясында көліктік-логистикалық инфрақұрылымның тиімділігін арттыру және Қазақстан Республикасының Ұлттық Экспедиторлар Ассоциациясының қолдауымен (ҚРҰЭА) академияда көліктік-логистикалық өнеркәсіпті оқытуды қамтамасыз ету мақсатында логистикалық орталық ашылды. Орталықта логистика саласындағы білікті профессор-оқытушылар құрамы бар, теориялық әзірлемелерді оңтайландыру және тәжірибиелік мәселелерді шешу мүмкіндігі бар; заманауи технологиямен, бағдарламалық қамтамасыз етумен жабдықталған және оқыту, қайта даярлау, біліктілігін жетілдіру бойынша қызметтердің толық спектрін ұсына алады.

      Орталық көлік және өнеркәсіптік сектордың кәсіпорындары мен ұйымдарын жоғары білікті логистикалық мамандармен қамтамасыз етіп, тыңдаушылардың теориялық білімдері мен практикалық тәжірибесін кеңейтуге, Еуропалық логистикалық қауымдастықтың (ELA BVL) және Халықаралық федерацияның экспедициялық қауымдастықтар (FIATA) талаптарына сәйкес теория мен практиканың тамаша үйлесімінде теңгерімді бағдарламаларды әзірлеуге мүмкіндік береді.

      Логистика орталығының курстары тыңдаушыларды түрлі деңгейлерде логистикалық жүйелерді қалыптастырудың тиімді тәсілдерін меңгеруде теориялық және тәжірибелік қажетті білімнің барлық жиынтығын дәйекті және қарқынды түрде ала алады.

      Оқытудың 3 түрі қарастырылған:

       1. 120 сағатқа дейін біліктілікті жетілдіру курстарына сәйкес сертификат беріледі;

     2. 216 сағат көлемінде жұмыс мамандығын алу-куәлік беріледі; FIATA кәсіптік білім беру бағдарламалары бойынша - халықаралық FIATA дипломы беріледі.

Логистикалық орталық өткізетін біліктілікті жетілдіру курстарының тізімі, сонымен қатар сіздің ЖОО жеке курстарының тізімін әзірлеуге көмектесуге қуаныштымыз.

Логистика орталығының презентациясы

Бізбен байланысуға болады:
Логистика орталығы
Кәсіби даму бағдарламалары және ынтымақтастық департаменті
050012, г. Алматы, ул. Шевченко, 97, 2606 офисы.
тел. +7 (727) 292-44-85, +7 747 620 7185

Кәсіби даму бағдарламалары және ынтымақтастық департаментінің директоры
Шанлаяков Аркен Советжанович

Кәсіби даму бағдарламалары және ынтымақтастық департаментінің бас эксперт-маманы
Баян Назкенова, b.nazkenova@kazatk.kz