ҚазККА жемқорлыққа қарсы






        Антикоррупция бойынша жұмыс жоспары 

        Сыбайлас жемқорлық туралы барлық құқық бұзушылық фактілерді  төмендегі байланыстар бойынша хабарлауға болады: 
        1. Тәрбие жұмысы және қоғаммен байланыс бөлімі: +7 (727) 292-75-89
        2. Орналасқан жері: Алматы қ., Шевченко к., 97, М. Тынышбаев атындағы ҚазККА, ОБК, 2714  каб.
        3. Телефон (сенім телефоны): +7 (727) 292-75-89
        4. Электрондық пошта: speakup@kazatk.kz

        Құқық қорғау органдарының телефондары:
        1. Алмалы ауданының Прокуратурасы: +7 (727) 296-63-26
        2. Алмалы ауданының ІІБ: +7 (727) 254 - 46-12
        3. Алматы қаласы бойынша экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес  департаменті:

+7 (727) 254-90-15

       Егер Сіз мекемелерде, ұйымдарда сыбайлас жемқорлық жағдайларына, қорқытып пара алу немесе сыбайлас жемқорлық сипаттағы қандай да бір басқа да көріністерге тап болсаңыз, егер бұл мәселеге Сіз немқұрайлы қарамасаңыз, Сіз келесі байланыс сенім телефонына хабарласа аласыз:  292-75-89

         Академияның сыбайлас жемқорлыққа қарсы комитетінің мақсаттары мен міндеттері:
         1. ҚазККА корпоративтік мәдениеті Кодексін, ҚазККА студенттерінің ар-намыс кодексін, ҚазККА топ жетекшісі туралы ережені іске асыру;
         2. Электрондық пошта және ректор блогы арқылы академияның басшылығымен кері байланыс;
         3. Сыбайлас жемқорлық факторлары мен себептерін анықтау үшін студенттер мен ОПҚ арасында тұрақты әлеуметтік сауалнама жүргізу;
         4. "Оқытушы студенттер көзімен", "Таза сессия" және т.б. тақырыптар бойынша сауалнама жүргізу;

         5. Сабаққа қатысу мен үлгерім бойынша электрондық журналды толық енгізу (Платонус);

         6. "Антиплагиат" жүйесін пайдалану;
         7. Онлайн-тәртіпте аралық және қорытынды емтихандарды тапсыру ережелерін бұзушылықтарды (шпаргалкаларды, ұялы телефонды және т.б. пайдалану) анықтауға мүмкіндік беретін бейнежазу технологияларын және мониторингті пайдалану;

         8. Академияның профессор-оқытушылар құрамы арасында факультеттерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша жұмысты жандандыру;
         9. Сыбайлас жемқорлық фактілері туралы жедел хабарлау үшін "Сенім жәшіктері" мен сенім телефондарын ұйымдастыру;

         Құқыққа қарсы әрекет  туралы қалай хабарлау керек?
         Мына деректер ұсынылады:

         1. Арыздың мазмұнын жазыңыз және сізге мәлім фактілерді сипаттаңыз;
         2. Академияның құқық бұзушылық орын алған факультетін, кафедрасын немесе бөлімшесін көрсетіңіз;
         3. Өз атыңызды атаңыз (міндетті түрде емес);

         4. Кері байланыс үшін өз координаталарыңызды көрсетіңіз (міндетті түрде емес).

        Хабарламаның мәні дәлелсіз күдіктерді емес, Сізге айқын фактілерді көрсетуге тиіс екенін ескеріңіз. Қызметтік тергеу жүргізуге болатындай, Сізден көмек қана емес, нақты жасалған немесе жоспарланған құқыққа қарсы ic-әрекеттер туралы ақпарат күтеміз.