ҚазККА тарихы

  1. Жоғары оқу орнының тарихы 1931 жылдан, Ташкент қаласында орналасқан Орта Азия темір жол көлігі инженерлері институтының механикалық, пайдаланушы және жолшы мамандықтары филиалы ретінде Алматыда ашылған оқу орнынан бастау алады.
  2. 1957 жылы жоғарыда аталған филиал – Оқу - консультациялық пункт болып өзгертілді.
  3. Жоғарыда көрсетілген оқу - консультациялық пункт 1967 жылдың 1 қазанынан бастап ТашИИТ-тің Алматы филиалы болып қайта құрылды.
  4. 1976 жылдың 20 мамырында аталмыш филиал - Алматы Темір жол көлігі инженерлер институты болып құрылады (АлТЖИИ).
  5. 1991 жылы 1 қаңтарда Өскемен құрылыс жол институтының Алматы филиалының базасында - Алматы автокөлік-жол институты құрылды (ААЖИ).
  6. 1996 жылы 7 мамырда, Алматы Темір жол көлігі инженерлері институты мен Алматы автокөлік-жол институты оқу орындарының базасында – көлік саласының мамандарын дайындайтын ірілендірілген жоғары оқу орны – Көлік және коммуникациялар академиясы құрылды (ҚазККА).
  7. 2000 жылы 23 мамырда Қазақ көлік және коммуникация академиясына, ірі қоғам және саяси қайраткер, Түркістан-Сібір магистралі жобасын жасаушы және құрушы, қазақтан шыққан алғашқы қатынас жолдары инженері - Мұхамеджан Тынышбаев есімі берілді.
  8. Бүгінде М. Тынышбаев атындағы ҚазҚҚА Темір жол (соның ішінде қалалық электр көлігі мен метрополитен), автомобиль көлігі, ақпараттық технология, телекомуникациялар және қаржы-экономикалық құрылымдар үшін мамандар даярлау бойынша Қазақстанның жетекші жоғары техникалық оқу орны.
  9. ҚазККА - дағы оқу мен ғылыми үрдісін жоғары білікті профессор-оқытушылар құрамы жүзеге асырады, оның 60% астамы - ғылым докторлары, ғылым кандидаттары, профессорлар және доценттер. Академия жанында - Астана, Алматы, Ақтау, Ақтөбе және Шымкент қалаларында ашылған колледждер жұмыс істейді.