Ғылыми кеңес



Академияның Ғылыми кеңесі Президент-ректордың бұйрығымен құрылады. 
Ғылыми кеңестің құрамына Президент-ректор, проректорлар, құрылымдық бөлімше жетекшілері, оқытушы-профессорлар құрамының, академияның студенттік және қоғамдық ұйымдарының өкілдері кіреді. 
Президент-ректор «ҚазККА» АҚ Ғылыми кеңесінің төрағасы болып табылады. Төраға Ғылыми кеңес жұмысын ұйымдастырады және оның қызметін Қазақстан Республикасы заңнамасы, Жарғы, Ғылыми кеңес туралы ережеге, Ғылыми кеңес жұмысының регламентіне сәкес жүргізеді. Төраға орынбасарын тағайындайды. Төраға болмаған жағдайда төраға орынбасары оның міндеттерін атқарады. 

Академия Ғылыми кеңесінің жұмысын және іс қағаздарын Ғылыми кеңес хатшысы жүргізеді. 

Академия Ғылыми кеңесі қызметінің мақсаттары: 
- академия жұмысын бағыттау және қазіргі заманғы талаптарға сай келетін жоғары білікті мамандар даярлау мақсатында оқу және оқу-әдістемелік жұмысты әрі қарай дамытуға қолдау жасау 

- кәсіптік білім беру бағдарламалары сәтті іске асырылу мақсатында білім алушылар мен профессор-оқытушы құрамына қолайлы жағдайларды жасау 
- қаржылық көмек көрсету аясын дамыту, академияның материалдық-техникалық базасын нығайту. 

Академия Ғылыми кеңесінің құзіреті.
• академияның құрылымдық бөлімшелерін (зертхана, кафедра, институт, факультет және т.б.) құру, қайта ұйымдастыру және тарату туралы ұсыныстар енгізеді; 
• академияның оқу-тәрбие, ғылыми-зерттеу, халықаралық, қаржы, әкімшілік-шаруашылық қызметтерін ұйымдастырудың барлық негізгі мәселелері бойынша шешімдер қабылдайды; 

• академияның Президент-ректорының, проректорларының, факультет декандарының, құрылымдық бөлімшелер жетекшілерінің жыл сайынғы оқу, ғылыми-зерттеу, тәрбие, халықаралық, ақпаратты, қаржы-шаруашылық пен әкімшілік қызмет формалары мен әдістері туралы есептерін тыңдайды; 
• академияның қаржы-шаруашылық қызметін бақылауды ұйымдастырады; 
• жоғары кәсіптік білім берудің көп деңгейлі жүйесі бойынша мамандар даярлаудың жаңа бағыттарын, оқыту мерзімдері мен формаларын анықтайды; 

• оқытудың барлық сапасы мен формаларының оқу жоспарларын бекітеді;
• оқулықтар, оқу құралдары мен оқу-әдістемелік кешендерді шығаруды қарастырады және ұсыныс жасайды;
• студенттерді ақылы бөлімнен білім беру грантына ауыстыру туралы шешімдер қабылдайды; 

• ҚР Президенті бекіткен шәкіртақылар мен атаулы шәкіртақыларды тағайындау жөніндегі шешімдерді қабылдайды; 
• қауымдастырылған профессор (доцент) және профессор ғылыми атағын тағайындауға кандидаттарды ұсынады; 

• академия қызметкерлері мен шығармашылық ұжымын мемлекеттік, үкіметтік сыйлықтарға, құрметті атақтарға ұсыну жөніндегі мәселелерді қарастырады; 
• алқалық шешімді қажет ететін академия қызметінің басқа да мәселелерін қарастырады. 


«М. Тынышбаев атындағы ҚазККА» АҚ Ғылыми кеңесінің хатшысы: 

Немасипова Анар Нұртасқызы 
050012, Алматы қ., Шевченко к-сі, 97. 2209 каб. 
Моб. тел.: 8-701-292-17-23, 8-705-523-88-75 
E-mail: a.nemasipova@kazatk.kz, nemas.anar@mail.ru 


Академия Ғылыми кеңесі отырыстарының 2018-2019 оқу жылындағы жоспары

Академия Ғылыми кеңесі отырыстарының 2 семестр 2018-2019 оқу жылындағы жоспары

Академия Ғылыми кеңесі отырыстарының 2019-2020 оқу жылындағы жоспары

Ғылыми Кеңестің жұмыс регламенті 


Ғылыми атақтар беру ережесі 

Ғылыми атаққа үміткерлер 

Ғылыми атақ ізденушілердің бекітілген тізімі 

Ғылыми қызметінің негізгі нәтижелерін жариялау үшін Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің ұсынылған ғылыми басылымдар тізімі.