Жұмысқа орналастыру



М.Тынышбаев атындағы Қазақ көлік және коммуникациялар академиясында (ҚазККА) бітірушіні жұмысқа орналастыру жөніндегі жұмыс - оның оқу  үрдісі кезінде басталады, білім алушының бейімділігіне қарай ол  өндірістік тәжірибеге нақты  мекемеге, яғни болашақта жұмысқа орналасатын жұмыс орнына бағытталады. Өндірістік тәжірибенің нәтижесіне қарай, өндірістік тәжірибенің жетекшісінің мінездемесіне сәйкес, келесі тәжірибе өту орны не өзгетіледі, не өзгеріссіз қалдырылады. Мұндай тәсіл жас мамандарға бейімделу кезеңін азайтуға, ұжымға жылдам әрі жеңіл кіріп кетуге мүмкіндік береді.

Келешекте түлектердің жұмысқа орналасу орнын анықтауға жәрдемдесу мақсатында бос жұмыс орындарының жәрмеңкесі, презентациялар, басшылармен және табысты бизнес өкілдерімен, әр түрлі экономика салаларының жетекші мамандарымен кездесу және сұхбаттасу секілді түрлі іс-шаралар үнемі өткізіледі.

Жас мамандарды жұмыс орындармен қамтамасыз етудің соңғы кезеңі оқу аяқталудың алдында жыл сайын өтетін әр бітірушіні жеке қарастырып жіберу болып табылады. Профиль бойынша жас мамандарды қажет ететін кәсіпорындар мен ұйымдарға бітірушілерді қарастырып жіберу жөніндегі  арнайы комиссия бітірушілерді жұмыс орындарына қарастырып жібереді.  Арнайы комиссияның құрамына ҚазККА қызметкерлері мен түрлі мекемелердің басшылары кіреді. Жас мамандарды жұмыс орындарға қарастырып жіберу тәртібі "Қазақстан темір жолы" Ұлттық компаниясы" АҚ-ның филиалдарының, еншілес тәуелді қоғамдарының, сондай-ақ жобалау институттардың, әр түрлі құрылыс компанияларының, банктердің, қаржы және басқа да ұйымдардың кәсіпорындарының кадр қызметтері өкілдерінің міндетті түрде қатысуымен жүргізіледі.

Жас мамандарды жұмыс орындарына бөлу кезінде өндірістік тәжірибе жөніндегі жетекшінің мінездемесі, жұмыс берушінің өтінімі,  бітірушінің үлгерімі мен ынтасы ескеріледі. Оқу жетістіктері жоғары, ҚазККА-ның қоғамдық өміріне белсенді қатысқан бітірушілердің болашақ жұмыс орнын таңдау кезінде құқығы басым болады.

Жұмысқа орналасу жөніндегі мәселелер бойынша стратегиялық даму және мансап бөліміне жүгінуге болады (ОБК, 2105 кабинеті, +7 (727) 292-07-07, strategy.career@kazatk.kz)".

 

 

Пайдалы сілтемелер:

Түйіндеме жазу:

http://www.enbek.kz/docs/ru/obrazec-resume

http://gojob.kz/career/resume/shablon_resume.html

http://www.kontakt.kz/articles/detail/24

http://yvision.kz/post/314824

http://24rabota.kz/text.php?link=6

Жұмысқа орналасу жөніндегі кеңестер:

https://egov.kz/cms/ru/articles/trudousstroistvo

Жұмыс табу:

http://www.vacancy-kz.kz

www.enbek.kz

http://hh.kz

karierist.kz

job.kz

zarplata.kz

24rabota.kz

joblab.kz

kzwork.com

https://rabota.yandex.kz/