«Жаңғырту жағдайындағы тиімді коммуникация» семинар-тренингі

2019 жылы 29 мамырда ҚазККА базасында Л. Н. Еуразия ұлттық университеті жанындағы Еуразиялық интеграция институтының ұйымдастыруымен "Жаңғырту жағдайындағы тиімді коммуникациялар" тақырыбында семинар-тренинг өтті, оған ҚазККА -ның өкілдері де қатысты.

Цифрлық технологиялардың пайда болуымен заманауи реалиялар жылдам, кейде қарқынды өзгеріске ұшырайды. Цифрландыру және әлеуметтік медиа жаңа кәсіптердің-блогерлердің, вайнерлердің пайда болуына алып келді,сондай-ақ азаматтық журналистика да ерекше маңызға ие.

Семинар-тренингті өткізудің мақсаты:
Жаңғырту және жаңа сын-қатерлер жағдайында коммуникацияны жетілдіру мәселелері бойынша құзыреттілікті арттыру.

Семинар-тренингтің спикерлері ретінде қоғам қайраткері, Парламент Мәжілісінің депутаты, ҚР Білім және ғылым министрлігінің бұрынғы вице-министрі – Абенов Мұрат Абдуламитұлы, бизнес тренер, Ресей Журналистер одағының мүшесі – Бреусова Ирина Львовна сөз сөйледі.

Жаңа курстарға сіз телефондар арқылы жазыла аласыз +7 (727) 292-30–48; +7 747 620 71 85 немесе кәсіптік даму бағдарламалары департаменті (каб. 2604).

3