«Еңбекті қорғауды басқару жүйесі» кәсіби даярлау курсы аяқталды

24.05.2019- 31.05.2019 аралығында ҚазККА студенттері үшін "Еңбекті қорғауды басқару жүйесі" тақырыбында 10 тыңдаушыға 18 сағат көлемінде кәсіби дайындық курсы өткізілді.

Осы курс аяқталғаннан кейін тыңдаушылар еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау бойынша білімдерін және оларды практикалық қызметте қолдануды игерді.

Курсты өту кезінде тыңдаушылар өндірістік жабдықтарды, ғимараттар мен құрылыстарды қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету, қызметкерлердің еңбек жағдайларын жақсарту, қызметкерлерді жеке қорғану құралдарымен қамтамасыз ету, қызметкерлерді еңбекті қорғау бойынша оқыту бойынша жаңа қосымша білім алды.

Жаңа курстарға сіз телефондар арқылы жазыла аласыз +7 (727) 292-30–48; +7 747 620 71 85 немесе кәсіптік даму бағдарламалары департаменті (каб. 2604).

3