Құрметті ҚазАТК оқытушылары, қызметкерлері, студенттері, магистранттары мен докторанттары!

Құрметті достар!

Сіздерді келе жатқан Жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!

Біз үшін жаңа жыл түні — жай ғана қуанышты мереке емес, қайта өрлеу мен оптимизмнің өзгермейтін нышаны. Өткеннің аяқтамасы мен жаңаның бастамасы, жыл қорытындысы мен жаңа жетістіктердің есебі. Өткен жылды шығарып сала отырып, біз армандарымыз бен мақсаттарымыздың орындалатындығына үлкен үмітпен, өз күшімізге деген сеніммен, өмірге деген шынайы сүйіспеншілікпен алға қараймыз!

2020 жыл үкілеген үміттеріміз ақталып, жаңа жетістіктеріміз қуаныш әкелсін!

Қымбатты достар,дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық, алға қойған мақсаттарыңыздың орындалуын, ертеңгі күнге деген үлкен сенім тілеймін!


3