Жеңімпаздарды құттықтаймыз!!!


4 наурызда Ғылым және коммерцияландыру департаменті "ЖҒП" кафедрасымен бірлесіп "жас зияткерлер" байқауының екінші кезеңін өткізді. Байқаудың негізгі мақсаты- студенттердің инженерлік ойлау қабілетін анықтау, интеллект деңгейін сандық бағалау, республикалық және халықаралық олимпиадалар мен конкурстарға, жалпы ғылыми, ғылыми-техникалық қызметке қатысу үшін оқушыларды іріктеу және дайындау.

Бұл іс- шара алғаш рет Қазақ көлік және коммуникация академиясының қабырғасында өтті. Жүлделі орындарға ие болған студенттер бағалы сыйлықтармен марапатталды. II кезеңге барлығы 15 адам қатысты, Конкурс қорытындысы бойынша 6 адам конкурстың жүлдегерлері атанды

1 орын – Еркашов Ернұр-фитнес білезік Xiaomi Mi Band 4;

2 орын - Храменков Кирилл , Даиров Талгат - Xiaomi Mi Power Bank мобильдік аккумуляторы;

3 орын-Байжан Асхат, Кәдірханов Ерхан, Сейілбекұлы Төрехан – USB флешка 64 GB.