Құрметті әріптестер, ғалымдар!


Жыл сайын 12 сәуірде Қазақстанның ғылыми ортасының өкілдері өздерінің кәсіби мерекесі - ғылым қызметкерлерінің Күнін атап өтеді.

Ғылыми зерттеулерсіз, жаңа білім іздеусіз және оларды біздің өмірімізге енгізусіз табысқа жету мүмкін емес. Сондықтан да Ғылым қызметкерлері әрқашан мемлекеттің қалыптасуында ерекше рөл атқарды.

Барлық ғылым өкілдеріне кәсіби қызметте табыс, пікірлестер командасындағы жемісті еңбек, мықты денсаулық, рух сергектігі, мақсатқа ұмтылушылық тілейміз және Қазақстанда 13-17 сәуір аралығында жарияланған ғылым апталығына орайластырылған "Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе" атты жыл сайынғы Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысуға шақырамыз.

Конференция 17 сәуірде ОНЛАЙН режимінде өтеді.

Сағат 11:30 жоспарланған пленарлық отырысқа төмендегі сілтеме арқылы қосылуға болады https://join.freeconferencecall.com/zhakupovkairat

Бейнеконференция бағдарламасы