"Көліктегі инновациялық технологиялар: білім, ғылым, тәжірибе»


17 сәуір күні Қазақстандағы ғылым апталығына орай онлайн режимінде кезекті XLIV Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Көліктегі инновациялық технологиялар: білім беру, ғылым, тәжірибе» өтті.

Конференцияға ҚазККА, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институтының ЖБК, ҰҚК Академиясы, ҚарМТУ, Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, М.Х. Дулати атындағы ТарМУ, КазСТА, Д.Серікбаев атындағы ШҚМТУ, М. Әуезов атындағы ОҚМУ, Ю.А. Гагарин атындағы СМТУ, КУЭФ студенттері, жас ғалымдары және профессорлық-оқытушылық құрамы қатысты.

14 секция бойынша 250-ден астам баяндама тыңдалып, студенттердің үздік баяндамалары I, II және III дәрежелі дипломдармен марапаттауға ұсынылды.

Видео