ОӘБ РУМС отырысы


2020 жылдың 16 сәуірінде М. Тынышпаев атындағы QazATK базасында online режимінде "Инженерия және инженерлік Іс" (Көлік, көлік техникасы және технологияла-ры), "көлік қызметтері" (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдала-ну; Логистика (салалар бойынша) кадрлар даярлау бағыттары бойынша РОӘК ОӘБ оты-рысын өткізді. Отырысқа Қазақстан Республикасының 30-дан астам жоғары оқу орында-рынан, шетелдік серіктес жоғары оқу орындарынан (Ресей көлік университеті (МИИТ), Ресей; (Мадрид политехникалық университеті, Испания және т.б.), "Атамекен" ҰКП, "KAZLOGISTICS" көліктік және логистикалық ұйымдар одағы және ассоциациялар, Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығының өкілдері, кәсіби стандарттар-дың әзірлеушілері мен сарапшылары, жұмыс берушілер қатысты.

М. Тынышпаев атындағы QazATK Президент м.а Имандосова М. Б өзінің кіріспе сөзінде- білім беру бағдарламаларын әзірлеуде РОӘК ОӘБ-нің ерекше рөлін атап өтті. Отырыста сөз сөйлегендер:

-Джарасова Г. С., Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы директо-рының орынбасары "Кәсіптік стандарттар негізінде ББ әзірлеу, жаңарту, ОӘБ-ға ББ са-раптамасы, ЦБПиАМ» тақырыбында баяндама жасады;

- А. А. Бейсенбинов, ҰКП "Атамекен" адам капиталын дамыту департаментінің ди-ректоры, «Атамекен ҰКП өткізген "ЖОО рейтингісінің және кадрларды даярлаудың кө-ліктік бағыттары бойынша білім беру бағдарламаларының нәтижелері" тақырыбында ба-яндама жасады»;

- М. С. Кульгильдинов, "Инженерия және инженерлік іс" кіші секциясының төраға-сы, т. ғ. д., профессор, "ОП әзірлеу кезінде кәсіби стандарттарды қолдану және түлектің моделі"тақырыбында баяндама жасады;

- Битилеуова З. К., "Көлік қызметтері" кіші секциясының төрайымы, т.ғ. к., қауым-дастырылған профессор "Білім беру бағдарламаларының топтары бойынша оқытудың не-гізгі нәтижелерін әзірлеу" тақырыбында баяндама жасады.

РОӘК ОӘБ жұмысы барысында білім беру бағдарламаларын әзірлеудің өзекті мә-селелері қаралды, проблемалар және оларды шешу жолдары, кадрларды даярлау бағытта-ры бойынша "Инженерия және инженерлік Іс" (Көлік, көлік техникасы және технология-лары), "Көлік қызметтері" (Тасымалдауды, қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайда-лану; Логистика (салалар бойынша) жаңа кәсіби стандарттарды пайдалана отырып, оқыту нәтижелерін анықтау мәселелері талқыланды.