5 мамыр күні @ait_qazatk «Автоматтандыру және телекоммуникациялар» факультетінің студенттері командасы М. Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде өткен Электрэнергетика бойынша XII Республикалық студенттік пәндік олимпиадада 3 жүлделі орынға ие болды.

Олимпиаданың барлық қатысушылары арасында 3 орын алған студент Әділет Тұраров ерекше атап өтілді.

«Электр энергетикасы» мамандығының 3 курс студенттері Тұраров Әділет @adilet.turarov, Төребеков Абылай @torebekab, Сейтбек Ерлан @erzhanuly2, «Электр энергетикасы» кафедрасының сениор-лекторы Абитаева Р. Ш. жетекшілігімен олимпиадаға қатысты.

Студенттер тапсырманы табысты орындап, нақты телімдегі әртүрлі кернеу сыныптарындағы электр энергетикалық объектілердің сипаттамалары мен параметрлерін есептеді.

Осындай деңгейдегі Республикалық студенттік пәндік олимпиадада жүлделі орын-білім алушылардың кең білімі мен педагогтардың жемісті жұмысының дәлелі.

«Электр Энергетикасы» кафедрасының оқытушылары мен студенттерін құттықтаймыз!