"Философия докторы (PhD) дәрежесін беру туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті төрағасының 2020 жылғы 6 наурыздағы № 106 бұйрығымен Шутеева Гүлнұр Серікқызы және Сулейменова Саламат Темірбекқызына "6D070200-Автоматтандыру және басқару"мамандығы бойынша философия докторы (PhD) дәрежесі берілді.

    Диссертацияны қорғау 2019 жылы 27 желтоқсанда М. Тынышпаев атындағы Қазақ көлік және коммуникация академиясында өтті.

    Философия докторы (PhD) дәрежесін алу үшін Шутеева Гүлнұр Серікқызының "Экономикалық жүйенің дамуындағы детерминирленген хаотикалық үдерістерді зерттеу және басқару" тақырыбындағы диссертациясы мен Сүлейменова Саламат Темірбекқызының "Эллиптикалық омбилика класындағы робастикалық тұрақтылық әлеуеті жоғары басқару жүйелерін Ляпунов функциялары әдісімен зерттеу" тақырыбы бойынша диссертация Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің "Жүйелік талдау және басқару" кафедрасында техника ғылымдарының докторы, профессор Бейсенбі Мамырбек Әукебайұлы мен АҚШ. Нью-Йорк штаты., Бингемтон қ., Бингемтон университетінің профессоры PhD докторы, Никулин Владимир Владимировичтің ғылыми жетекшілігімен орындалды


Гүлнұр Серікқызы мен Саламат Темірбекқызын философия докторы (PhD) дәрежесін алуымен құттықтаймыз және оларға шығармашылық табыс, жаңа ғылыми жетістіктер мен жаңалықтарды тілейміз!